Жарнамаға алданып қалмаңыз, бойжеткен! Құлдықтан бір-ақ шығасыз

0

Көшеде әр жерде ілініп тұрған жарнамаларға көзсіз сенбеңіздер! Жоғары жалақы аласың, аз уақытта қарық қыламыз дегендердің көбінің түбі шикі. Тіпті, оларға имандай иланып, ақыр соңында құлдыққа қалай түсіп қалғандарын білмей қалған бойжеткендер де бар көрінеді. Мұндай жарнама берушілердің көбіне студенттер мен бойжеткен қыздарды іздейтіндері, ол аздай  де сурет сұрататындары да күмән тудырады дейді мамандар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Әртүрлі жарнамалар бар. Әрбір ақпаратты мынандай сөз бар ғой. Мың естігенше, жүз естігенше, өзің нақты бір зерттеу керексің».

Базардың әр бұрышында түрлі жарнамалар ілініп тұр. Барлығы да жұмыс ұсынады. Еуразия арнасы бірнешеуіне хабарласып көруді жөн көрді.

— Алло. Алло, сәлеметсіз бе?! Мен жұмыс туралы звондап тұр едім хабарландыруды көріп.

— Қандай жұмыс? Өзіңізге іздедіңіз бе?

— Иә өзіме іздедім. Қандай жұмыс?

— Аа, жасыңыз нешеде?

— Жасым 25-те.

Осылайша, тергеп алып, бірден сөйлесуге шақырған жұмыс беруші жұмыстың өзі туралы нақты мәлімет бермеді. «Қандай жұмыс?» деп сан рет сұрағаныммен, жарытқан жауап жоқ. Тек кеңсеге келгенде ғана толық ақпарат беретінін айтты. Алайда, көше бойында тізілген жарнамалардың ешқайсысында нақты мекенжай көрсетілмепті. Тек анығы студенттер мен жұмыс іздеген бойжеткендерге жоғары жалақы төленетіндігі алға тартылған. Бұндай, хабарландырулардың көбі қыздарға арналған. Тек көшелерде ғана емес, ғаламторды ашсаң да бұндай хабарландырулар «мен мұндалап» тұр. Жалақысы 1 миллионға жуық. Адам сенгісіз болған соң, телефон соқтық. 

—   Здравствуйте! 
Здравстуйте! 
— Хотела узнать насчет работы. 
Сколько вам лет? Как вас зовут?
— Меня зовут Маржан. 25.
— С опытом работы?
— Куда придти нужно?
— На вацап фотографию отправьте пожалуйтва.

Жұмыс туралы сөйлесуге шақырмас бұрын суретті сұрау күмән тудырады. Ал, заңгерлердің сөзінше, мұндай жарнамалардың баршасы жалған. Өйткені, ресми ақпарат бермей сезікті қадамдарға барады. ТІпті, бұл адам саудасына саяды. Маманнның сөзінше, соңғы жылдары жалған жарнаманың жетегінде кетемін деп шетел асқан қыздар жетерлік. Құлдыққа қалай сатылғанын сезбей қалған. Сондықтан, аса сақ болған жөн.

«Алаяқтық түрде жарнамалар жасалса олардың аты мен заты   сай болмаса, яғни ол ҚР-ның құқықтық органдарына шағымданып, жекеше түрде немесе   ондай фактілер көп болып жатса шағымдана отырып, өзінің құқықтары бұзылғаны жайлы жазуға міндетті, құқылы» — дейді заңгер Арман Дүйсенбай. 

Ал, бас қалаға басқа аймақтардан ағылатын арулардың көбісі жұмыспен қамтылған. Іздеп келгеннің қолын қайтармаймыз дейді жұмыспен қамту орталығының өкілі.

«Егер білімі жоқ болса, біз қайта даярлау оқуға оқуды ұсынамыз. Олар әртүрлі мамандығы бойынша өзекті мамандық бойынша оқуды ұсынамыз. Ол қысқа мерзімді 3 айға дейін степендия төленетін оқу. Адамдарға біз ақпаратты әр жүйелермен жеткіземіз», — дейді Астана қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Алаяқтар да күн көрулері керек. Ал олар үшін ең бағалы бизнес – адам саудасы. Сондықтан, олар қолдан келгенді жасап, қарманады дейді әлеуметтанушылар. Сондықтан, күмән тудыратын хабарландыруларды тексермей жатып, алданып қалуға жол бермеу керек -дейді.

«Кез-келген уақытта халықтың сенімін пайдаланатын алаяқтар табылады. Сондықтан, мән-мағынасы адам миына қонбайтын хабарландырулардан аулақ болған жөн. Меніңше, жоғары жалақысы бар жұмыстарды ұсынатын хабарландырулардың барлығы күмәнді. Егер, адам назарын аударатын жарнама болса ол белгілі бір ресми мекемемен расталуы тиіс деп ойлаймын» — дейді әлеуматтанушы Жәнібек Сейітбатталов.

Бүгінде жалған жарнамадан келетін түрлі қауіп көп. Әсіресе, оған ұрынатындар жас қыздар мен жасөспірімдер екен. Сондықтан, көшедегі жарнамалардан арылу мен ғаламтордағы хабарландыруларға тосқауыл қою қажет дейді мамандар.

«Қамшы» сілтейді