Жаркентте студенттерді ұрып-соққан колледж мұғалімі жұмыстан босатылды
Алматы облысында жаркенттік колледждің дене шынықтыру мұғалімі жұмыстан босатылды. Ер адам студенттерді жұдырықпен тәрбиелемек болып, оларды ұрып-соққан.
Желіге тарап үлгерген бейнежазбада ашуға булыққан мұғалімнің өз студенттерін аяусыз соғып жатқаны көрініс тапты.
Жас жеткіншектердің не себепті соққыға жығылғаны әзірге анықталған жоқ.
Атышулы бейнеролик тарап кеткен соң, оқиға орнына облыстық шенеуніктер жетіп барған. Қызметтік тергеу шарасы өтетін уақытқа оқиғаға қатысы бар мұғалім жұмыстан шеттетілді.
Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел бұл істің Амандық Баталовтың жіті бақылауында екенін жеткізді.
Әкімдік өкілінің айтуынша, жергілікті билік тергеу барасын көпшілікпен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бөлісіп тұрмақ.
«Біз бұл жағдайды толығымен тексеріп, заңды бұзғандарға қатысты міндетті әрі жедел түрде шара қолданатын боламыз» , — деді Жүкел.
Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы мамандандырылған комиссия құрылған.