Жаркентте «Қазпоштадан» 300 млн теңге ұрлағандар ұсталды

0
169

Жаркент қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуыл ашылды.

Полиция Алматы облысы Жаркент қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пошта бөлімшесінен 24 ақпанда 300 миллион теңге ақша ұрланған болатын.

Қылмысқа қатыстыларды анықтау жұмыстарына өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылды.

Соның нәтижесінде қылмыс жасауға күдікті деген Жаркент қаласының екі тұрғыны анықталды.

Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйінде арнайы жабдықталған құпия жерде және шаруашылық үй-жайдан табылды.

Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары ІІМ-нің бақылауына алынған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz