Жаратқанның маған осыншама күш-қуат бергеніне таңғаламын
Ең ауыр қаржылық-экономикалық кризис 2007-2009 жылдары болды. Не істейтінімізді ойладық. Қордағы жинақтарымыздың арқасында бұл тоқыраудан өттік — Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті тоқыраудан Жаратқанның демеуімен алып шыға алды. Президент бұл туралы бүгін Ақордада әйелдер қауымы өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
— Менің айтқым келетіні, тәуелсіздік алғаннан бері мен Қазақстан халқымен бірге күн, түн демей жұмыс жасап, біздің тарихымыздың ең ауыр кездерінен өттік. Кеңес үкіметі құлап, біз дымсыз қалдық. Естеріңізде ме, кімнің есінде? Бәрін айтудың қажеті жоқ, өздереріңіз де білесіздер ғой. Жалақы, зейнетақы, жанармай жоқ, дүкендерде нан да, киім де жоқ, мүлде ештеңе жоқ. Қалай және қай жолмен жүреміз деп ойладық. Соның бәрінен жылдам жасалған реформалардың арқасында өтіп шықтық.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Кеңес үкіметі тарағаннан кейінгі оңтүстік-шығыс тоқырауы жайлы да айтып берді. Көршілес Ресей де рубльдің қулауы, Қазақстандағы жағдайдың да қиындағаны мен оларды еңсеріп өткеніміз жайлы сөз қозғады.
— Ең ауыр қаржылық-экономикалық кризис 2007-2009 жылдары болды. Не істейтінімізді ойладық. Бұл тоқырауды америкалықтар бастап, бүкіл әлімге таратты. Тек қордағы жинақтарымыздың арқасында бұл тоқыраудан өттік. Кейде өткенге қарап отырып, осының барлығын арқалап өтуге Жаратқанның осыншама күш-қуат бергеніне таң қаламын, — деп сөзін түйіндеді ол.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz