«Жарасымды жұп»: Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы желіде қызу талқыға түсті

0
737

Әлеуметтік желі қолданушылары отандық өнер саласында жаңа жұптың пайда болғанын жарыса жазуда. Қалың көпшілік әнші Кәмшат Жолдыбаеваның актер Ғазрет Қажымұқанұлымен кездесіп жүргенін болжауда. Қос әртіс «Рауза» телехикаясында бірге түскен болатын, деп жазады kznew.kz сайты nur.kz порталына сілтеме жасап.

Қос әртіс «Рауза» телехикаясында бірге түскен болатын.

Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлының қарым-қатынасы жайлы Instagram желісінде тарап кеткен видеолардан кейін айтыла бастады. Бейнежазбаларда олардың саябақта және тауда бірге жүргендерін көруге болады.

Жақында Жолдыбаеваның өзі де жас актермен жаттығу залынан видео бөліскен еді. Желі қолданушылары осы жайттарға сәйкес жұлдыздардың арасында сезім бар деген болжам жасады.

Әлеуметтік желіде тіпті олардың жұбына арналған фан-парақшалар да ашылып кеткен.

«Екеуі күшті жарасады», «Кездесіп жүрген секілді», «Тәтті жұп», «Сериалда ғашықтарды сомдап еді. Шынайы өмірге де ұласыпты ғой», «Бақытты болыңдар. Өте жарасымды жұп», «Кәмшат бағың ашылсын. Бақытты секілдісің», «екеуінің көп видеосын тарап кетті ғой. Шынымен жүретін сияқты», — деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, әзірге Кәмшат Жолдыбаева да, Ғазрет Қажымұқанұлы да қарым-қатынасына қатысты пікір білдірген жоқ.