«Жар-жар әнімен емес, сүремен қарсы алды»: Жаңаөзендегі үйлену тойы көпшіліктің ашуын туғызды

0

Маңғыстау облысындағы ерекше той көпшілік талқысына түсті. Халал тойға жиналған жұрт екі жасты сүремен қарсы алған. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Той ортасында жиналған жұрт шам намазын оқыды.

“Дінислам бауырымыз үйленіп жатыр. Той ерекше өтіп жатыр. Мұндай тойды бірінші рет көріп жатырмыз. Халал той деген осы емес па?! Ерлер мен әйелдер шам намазын оқып жатыр. ”, – деп жазды тойға келген қонақ.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, мейрамханада намаз оқыған қонақтарды аяусыз сынап жатыр.

“Адасқандар деген осылар емес па?”, “Бахабистер не істерін білмей жатыр”, “Мейрамхана таза жер емес, мешітте өткізу керек еді”, “Салт-дәстүр қайда қалды”, “Құранды әндетіп шықпасын”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.