«Жақында той»: Мәдина Сәдуақасова елді елең еткізетін сүйінші жаңалығымен бөлісті

0
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы желіде елді елең еткізер жаңалығымен бөлісіп, көпшілікті қызықтырып қойды.

Бұл туралы Kznews.kz Сaravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, жақында той болмақ. 

«Жақында той» деп елді қызықтырып қойған ол, қандай той болатынын айтпаған. Желі қолданушылары әншінің жұмбақ жазбасына түрлі болжамдарын жаудырған.

«Қандай той екен?», «Қырыққа келгенде сенде қоймадың ғой, жасырмай айта салсаң болмай ма?!», «Тойың тойға ұлассын, не дейміз енді?!», «Қуанышты жаңалығы болып тұр ғой, аяғы ауыр ма екен» деп жазды олар.