Жақында алапат өрт болған «Семей орманы» резерватының қызметкерлері жалақыларының өспегенін айтып президентке хат жолдады
«Семей орманы» резерватының қызметкерлері жалақыларының уәде етілген мөлшерде ұлғаймағанын айтып, президентке хат жолдады. Орман қорғаушыларына осы айдан бастап жалақыны 100%-ға көтеруге уәде берген. Алайда жүргізушілер, радиобайланыс операторлары мен өзге де қызметкерлер үстеме ақыны алмаған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыс орталығына жиналған қызметкерлердің сөзінше, орманшы, инженер мен шебер секілді 500-ге жуық маманның жалақысы өскен. Бұл қызметкерлері азаматтық қызметкерлер санатына енеді екен, ал бұл санатқа қосылмайтын өзге жұмысшылар сырт қалыпты.
«Егер бұлай жалғаса берсе, мұнда ешкім қалмайды. Сіздер орманшы мен тракторшылар туралы айтып отырсыздар, ал біз уақытша қызметкерлеміз. Шілде айы болды, бізде ештеңе жоқ. Шелек те, дәрі-дәрмек қобдишасы да жоқ. Шелектер тесік», – дейді олар.
Ал компанияның заңгерінің айтуынша, шенділер «Семей орманы» резерватына азаматтарға үстеме ақы төлеу үшін ақша үнемдеуді ұсыныпты.
«Біздің резерватта жарты жылда қалай 700 миллион теңге үнемдемек. Бірнеше рет ірі өрт болды. Қазір үнемдей алмаймыз. Техника тұр, ал қосалқы бөлшек жоқ. Жалақыдан қалай үнемдемекпіз?», – деді заңгер Татьяна Калькаева.
Резерват қызметкерлері шенділердің бұл жауабына наразы. Сондықтан ұжым президентке хат жолдапты.
Ал экология министрлігінің өкілдері қызметкерлердің жалақысы неліктен өспегені туралы сауалға жауап бермеді.