Жақсы көретінін күнде айтады: Шахизада сүйіктісі жайлы сыр шертті — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Екі бірдей немере тәрбиелеп отырса да, Шахизадаға да жас жігіттер жиі көңілін білдіреді екен. Алайда әнші көңіл қосқан азаматының бар екенін жасырмайды. 

Шахизада

Бұл туралы 7-арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Маған өте көп жазады, жасырмаймын. Махаббат жас таңдамайды дейді ғой. Маған сондай көзқараспен қарайтын шығар деп ойлаймын. Бүгін де мысалы тойда отырмын, жас жігіттер «қандай әдемісіз» деп жазып жатыр. Жақсы көретінін білдіріп жатыр, дайректке де жазып жатыр», — дейді Шахизада.

Алайда әнші хат жазғыш жігіттерге көңіл аудармайды. Себебі жанында күнделікті жылы сөзін аямайтын сүйіктісі бар. 

«Жанымда жақсы ер азамат жүр. Күнде «жаным сол, жақсы көремін» дейтін азаматым бар. Сондықтан мен әдемі боп жүремін», — дейді ол.

Әйтсе де, Шахизада болашағына қазірден жоспар құрмайды. Әлі де үлкен махаббатты кезіктіретініне сенімді. 

«Болашақта тұрмыс құратын болсам, қасымдағы азаматтың өнер жолында жүргенін қаламаймын. Өйткені өнер деген оңай емес. Қызғаныш деген өте көп болады. Сондықтан шын жақсы көретін, арқама жалау болатын, мықты, өтірік айтпайтын, жақсы көретін азамат болса деп армандаймын. 

Пейіліме, көңіліме қарай, алдымда әлі керемет махаббат күтіп тұрған шығар. Қазіргі азамат та жақсы көріп жүр, мен де ұнатамын. Бірақ әр нәрсе өз уақытымен. Бір Алланың қолында деп айтамын», — дейді әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz