Жапонның ММА жұлдызын жеңген Мейвезер мәлімдеме жасады — Бокс
Бокстан бес салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезер жапон кикбоксшысы Тенисн Нацукаваны жеңгеннен кейін карьерасын жалғастыруға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Олардың жекпе-жегі 31 желтоқсанда Жапонияның Сайтам қаласында Rizin ұйымының турнирінің аясында бокс ережесі бойынша өткен. Кездесу 3 раундқа жоспарланған, бірақ бірінші раундта аяқталды. Бұл кезде Мейвезер қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген.
«Бұл шоудың бәрі қызық үшін. Жақсылап көңіл көтердік деп ойлаймын. Токио, Жапония, жігіттер! Сіздер мықты болдыңыздар! Рақмет. Тенисге алғыс айтамын! Мұның бәрі қызық үшін болды. Бұл кездесу маған да, Нацукавеге де ресми есептелмейді. Сондықтан Тенсин жеңіліп көрмеген кикбоксшы атағынан айырылған жоқ. Мен де жеңіліссіз келе жатырмын. Біз тек жанкүйерлердің көңілін көтердік», — деді ол.
Оның айтуынша, боксқа оралу туралы ойы жоқ. «Бұл кездесуге Жапониядағы бокс жанкүйерлері үшін шықтым. Олар мұны қалады. «Неге бас тартуым керек?» деп ойладым. Сондықтан мен зейнеттемін. Менің рекордым 50-0. Тенсин де жеңіліп көрмеген спортшы болып қала береді. Ол нағыз чемпион. Талқандайтын файтер, ұлы жауынгер. Жанкүйерлер, Нацукавеге қолдау білдіріңдер! Ол тамаша жігіт!», — деді боксшы.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz