Жапонияның бірнеше компаниясына қауіпті хат жіберілген

0
80

Қоқан-лоққы көрсеткен белгісіз біреулер компаниялардан ақша талап еткен.

Жапонияның бірнеше компаниясына пошта арқылы қоқан-лоққы мен ескерту жасаған әрі белгісіз ұнтақ салынған хат келген.
Конвертте цианды калий болған, деп хабарлайды Baq.kz.

NHK телеарнасының мәліметінше, мұндай хатты Токио мен Осаканың фармацевтикалық компаниялары және Саппоро азық-түлік компаниясы мен токиолық газет алған.

Хаттардың барлығы Токиодан жіберілген. Хаттың бірінде егер Bitcoin криптовалютасымен 35 млн оңтүстіккореялық вон (31 мың АҚШ доллары шамасында) жібермесеңдер цианды калиі бар ұнтақты таратып жібереміз деп ескерту жасалған.

Бұл жайт бойынша қазір полиция тергеу амалдарын жүргізуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/