Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 91-ге дейін өсті

0

Жапон билігінің соңғы мәліметтері бойынша, 1 қаңтарда болған Ното түбегіндегі жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер саны 91-ге өсті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

5 қаңтарда таңертең Жапонияның батысында 7,6 баллдық жер сілкінісінен кейін қайтыс болғандар саны едәуір өсті. 55 адам Ваджима қаласында мерт болды.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Жапонияның батысында бірқатар ірі жер сілкіністері болды. Жалпы алғанда, екі сағат ішінде Исикава мен Ниигата префектураларында 30-ға жуық жер сілкінісі тіркелді, ең қуатты магнитудасы 7,6 болды. Сонымен бірге Жапония премьер-министрі Фумио Кисида жер сілкінісінен бері 40 сағаттан астам уақыт өткенін және зардап шеккендерді құтқару үшін уақытпен жарысып жатқанын хабарлаған едік. Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны әлі көбеюі мүмкін.