Жапонияда Олимпиаданың өтуіне қарсы халық ереуілге шықты

0

Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты.

Тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы. Ұлттық стадион алдында жиналған көпшілік  пандемия кезінде бұл доданы өткізу орынсыз дейді. Сонымен қатар наразылар «Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді» деп ұрандатты.

Айтуынша, қазірдің өзінде Жапония билігі  қазынадан 15 млрд 4 млн доллар қаражат жұмсаған. Ал халықаралық Олимпиада комитеті болса, телекөрсетілім арқылы бұл сома өтеліп миллиардтаған кіріс келеріне сенімді.

Кумико Суто, жергілікті тұрғын:

— Соңғы кездері Олимпиада ойындарына қарсы шыққандардың саны артып барады. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бұл алаңдадатын жайт. Сонда да шараны тоқтату мүмкін емес сияқты. Тіпті айтарға сөзім жоқ.