Жапонияда елу жастағы ер адам 19 кісіні пышақтап тастады
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Ер адам автобус аялдамасында тұрғандарға шабуыл жасаған: зардап шеккендер арасында балалар да бар
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жапонияның Кавасаки қаласында пышақпен қаруланған ер адамның қолынан зардап шеккендер саны 19-ға жетті, деп хабарлайды РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, 50 жастағы ер адам автобус аялдамасында тұрған 19 кісіні пышақтапты: бір ересек адам мен бір бала әл үстінде жатыр. Зардап шеккендер арасында тағы да балалар бар.
Тағы оқыңыз: Қарағанды облысы әкімінің орынбасары пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Полиция қылмыскерді ұстады. Ол өзіне де пышақ сұққан, жағдайы ауыр.
Оқиға орнынан екі пышақ табылды. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.
sputniknews.kz