Жапония белгісіз азамат 19 адамды пышақтап, кем дегенде бір адам өлді

0

Жапонияда белгісіз азамат Токиоға жақын жердегі Кавасаки қаласында аялдамада тұрған 19 адам пышақтады. Оның 13-і — бала. Оқиға 28 мамырда таңертең болған.

Полиция «күдікті өзін пышақтап өлтірді» деп хабарлады.

Жапониялық БАҚ бір бала мен ересек адамның қаза тапқанын жазды. Жергілікті өрт сөндіру қызметі кем дегенде бір адамның мерт болғанын растады.

NHK басылымының жазуынша, күдікті табылған жерде екі пышақ жатқан. Күдіктінің кім екені мен мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз.

Azattyq