Жапондық миллиардер айға ұшатын адамдарды іздестіруде

0

Американдық SpaceX компаниясының алғашқы ғарыштық туристі болуы керек жапондық миллиардер Юсаку Маэдзава онымен бірге айға ұшу үшін сегіз адамды жалдайд, деп хабарлайды ORDA. 

Бұл туралы кәсіпкер өзінің Twitter-дегі парақшасында жарияланған бейне хабарламада мәлімдеді.

– Мен осы миссияға қатысу үшін команда жалдаймын. Маған бүкіл әлемнен сегіз адам керек. Бұл сапарға 10-12 адам қатысады. Мен өз тарапымнан сегіз адамды шақыра аламын.

Кәсіпкердің айтуынша, онымен ұшатындардың барлығы екі критерийге сәйкес келуі керек: олар жердегі қызметі туралы айтып, командада жұмыс істеуге дайын болуы керек. Айға ұшу 2023 жылға жоспарланып отыр.

Маэдзава Айға алғашқы турист болатыны 2018 жылдың 18 қыркүйегінде белгілі болды. 2020 жылдың қаңтарында ол ұшуға серік табуға үміттеніп конкурс жариялады.