Жантүршігерлік жол апатында зардап шеккен жүргізушінің өзіне айып тағылды: Көптеген жарақат алған жүргізуші әділдік іздейді — Қазақстан жаңалықтары

0

Биыл жыл басында Көкшетау-Атбасар тас жолында жол-көлік оқиғасына түскен 36 жастағы Асылбек Нұрбалиновтың басы дауға қалған. Екі адамның өмірін жалмаған апат кезінде ол өзі отбасымен бірге зардап шеккен. Енді айтуынша, оған әділетсіз жала жабылып отыр. Істің қазіргі жағдайы жайлы Асылбектің өзінен және қарындасы Әселден нақтырақ сұрап білдік.

2020 жылдың қаңтар айында Hyundai Accent көлігі Toyota Camry маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол көлік апаты орын алады, оқиға орнында екі әйел көз жұмады. Араға жарты жыл салып полиция органдары Toyota Camry көлігі рөлінде отырған 36 жастағы Асылбек Нұрбалиновты кінәлі деп тауып отыр. Екі баланың әкесі Асылбек осы істе әділдік таппай келетінін айтады.

Асылбек Нұрбалиновтың ісі қазіргі уақытта Көкшетау қаласында тергеліп жатыр. 

Әпкесі Әселдің айтуынша, ағасының өкше сүйегіне ота дұрыс жасалмаған, сондықтан тағы бір операцияға дайындалып жатыр. Кішкентай қызының басында жарақаттың ізі қалып қалған. Жол көлік оқиғасынан ең аз зардап шеккен әйелі мен баласы болыпты. 

«Қаңтар айының басында Hyundai Accent қарсы жолға шығып, Toyota Camry маркалы автокөлігіне соғылған.Toyota Camry-де менің ағам Асылбек отбасымен: әйелі және екі кішкентай баласымен болған. Оған Атбасар-Көкшетау тас жолында болған жол-көлік оқиғасында екі қыздың өліміне байланысты әділетсіз айып тағып отыр», — дейді Әсел.

Әселдің айтуынша, ағасы ауруханадан шыққан соң оған айып тағылған.

«Ағам отбасымен аман қалды. Ұзақ уақыт ем-дом алды. Ал ауруханадан шыққан кезде полиция менің ағамды көлік апатына кінәлі деп таныды. Алайда әу баста Hyundai Accent автокөлігі рөлінде отырған қыз көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткендігін мойындаған», — дейді ол.

Айтуынша, әділеттелік үшін күресіп жүргендеріне жарты жыл болған.

«Асылбек жағдайдың қалай болғаны жөнінде видео жасаған: онда макеттер арқылы апатты минутына дейін түсіріп көрсеткен. Видеоны көргенде полицияның болжамы қарапайым физика заңына қайшы келетінін көруге болады», — дейді Әсел. 

«Ешқашан біреуден осылай көмек сұраймын деп ойламаппын. Оқыс жағдай сені және жақындарыңды айналып өтеді деп ойлайсың, шынында ештеңе бізден алыста жүрген жоқ екен. Бірнеше жылдан бері әріптестерімізбен, сарапшылармен Қазақстан қалаларының қауіпсіз, жайлы, әділ болуы үшін жұмыс істейміз. Мен әлемнің міндетті түрде жақсы болады деген арманмен өмір сүремін», — дейді ол.

Асылбек Нұрбалиновтың өзі істің тергелуі туралы:

«Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Мен қорғау құқығы бар куәгер ретінде іске қатысудамын. Бастапқыда іс бойынша кінәлі ретінде қарастырылған жоқпын. Тіпті жаңалықтардан да апаттың орын алуына менің кінәлі емеспін деген қорытынды жасауға болады. Меніңше, жол апатының сараптамасы мені кінәлі етіп көрсететіндей  бір жақты жасалған. Әрине, сараптама нәтижелері бойынша мені кінәлі қылмақ болған соң, БАҚ-қа жүгіндім.

Менің отбасым да, мен де аталған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккенімді атап өткім келеді. Жұбайымның ми шайқалып, мен бетінде бірнеше жарақат алды. Қызымның басы жарақаттанды, оны тікті. Өзімде жамбасым сынып, жылжып кеткен, одан бөлек өкшем сынған. Қазір маған қосымша операция қажет», — дейді ол.

Асылбектің айтуынша, ол зардап шегуші жақ пен оларың туыстарының позициясын білмейді.

«Олар да қара жамылғанын түсінемін, бұл өте үлкен қайғы. Оны қабылдау өте ауыр. Мен және отбасым қайғыра көңіл айтамыз», — дейді ол.

«Қазіргі уақытта мені апатқа кінәлі етіп, тергеуді бітіре салу жеңіл болып тұрған сияқты. Бірақ олай болмауы тиіс. Тергеу объективті болуы керек, ақылға қнымды және әділетті болуы қажет. Бұл істе эмоция көп екені белгілі, бірақ бұл істің қаралуына әсер етпеуі керек», — дейды Асылбек.

Айтуынша, БАҚ-қа шықпас бұрын, полицияның әрекетіне қарсы шығып, қосымша сараптама жүргізілуін талап етіп облыстық прокуратураға арыз қалдырған. Нақты жауап болмаған соң, бас прокуратурға арыз жіберген.

Асылбек БАҚ-тың араласуынан кейін бұл іс қатқан орнынан жылжып келе жатқан сыңайлы екенін айтады.  

«Маған айып тағылуы мүмкін деген ескертулері, тезірек шешім қабылдауды талап етуі — барлығы басшылықтың істі тезірек аяқтауға деген құлшынысын көрсетеді және бұл жағдай ауыр тиіп отыр», — дейді ол.

Осы сәтті пайдалана отырып, шетте қалмай, маған қолдау көрсетіп, көмек бергендерге алғысымды білдіргім келеді, дейді.

 

stan.kz