Жантүршігерлік көлік апатынан 6 адам қаза тапты (фото)
Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік апаттан зардап шеккендер ауруханада жатыр, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kzсайтына сілтеме жасап.
Екі көліктің соқтығысуы салдарынан бірден алты адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Оқиға бір күн бұрын Жарма ауданында, республикалық маңызы бар жолдың Шара қаласына жақын жерде болған.
Жантүршігерлік кадрларды куәгерлер түсіріп алған. Облыстық полицияның мәліметінше, шетелдік көліктің 35 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ көлігімен соқтығысқан. 33 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен оның бес жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көліктің 35 жастағы жүргізушісі мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұдан өзге ақпарат жоқ.