Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды

0

Ол бұған дейін Түркістан облысының әкімі болған еді

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

sputniknews.kz