Жансейіт Түймебаев облыс тұрғындарымен бірге шаңғы тепті
2018 жылғы 28 желтоқсан 01:07 49
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төлеби ауданында өткен «Тау самалы — Жан самалы» фестивалінде шаңғы тепті. Демалыс аймағына келген аймақ басшысы таудан үш рет шаңғымен түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фестиваль барысында облыс тұрғындарымен кездескен Ж.Түймебаев жұртшылықты той-томалақтан бір сәт демалып, бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды.
«Кез келген облыс осындай табиғатпен, демалыс аймағымен мақтана алмайды. Ал, облысымыздағы Таусамалы, Қасқасу сияқты демалыс орындары — біздің байлығымыз. Ендеше, осы байлығымызды бағалайық. Менің айтарым, азаматтар, қызметкерлер, бала-шағаларыңызды алып, осы жерге келіңіздер. Демалып, тау шаңғысымен сырғанаңыздар», — деді Жансейіт Түймебаев.
Тілшілерге сұхбат берген облыс әкімі, сондай-ақ Жаңа жылды қайда қарсы алатынын да айтып берді. Оның сөзінше, 31 желтоқсан күні Түркістан қаласының орталық алаңындағы Жаңа жыл кешіне қатысып, қалған уақытты отбасымен өткізуді жоспарлап отыр.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz