Жансақтау бөліміндегі Мейрамбек үшін дұға тілеңіздерші – Сәкен Майғазиев

0

«Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектік тілеуін тіледім», деп еді бір анамыз.

ҚАЗАҚтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. АЛЛАға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы — дұға. Әбіләшімұлы Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. ҚАЗАҚтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, «МузАРТтың» жүрегі жүзге жетсін», — деп жазды Майғазиев парақшасында.

«Отбасының тірегі, МузАрт тың жүрегі, қазақтың Мейрамбегі, тез жазылып кетіңіз.🤗Алла шипасын берсін. Алаңдап жатқан ағайынға қуанышты хабар, Мейрамбек ағаның жағдайы қазір жақсарып келеді. Аллаға шексіз шүкір. Дұға етіп қойыңыздар ағайын!», — деді Ернар Айдар.

«Кеше жедел жәрдем шақырды. Кенеттен жағдайы нашарлап кетті. Бірінші пневмония деді, кейін коронавирус диагнозы қойылды», – деді «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай.

«Алла пана болсын», — деп жазды Роза Әлқожа.

«Алла шипа берсін!», — деп жазды Мұхамеджан Тазабеков.

«Алла шипасын берсін, тезірек сауығып халқыңды қуанта бер», — деді Ақбота Керімбекова.

«Алла жеңілдік берсін, — деді Серік Ибрагимов.