“Жансақтау бөлімінде” — Ақмола облысында оқушы сыныптасын пышақтап тастады

0

Оқиға Ақмола облысының Бұланды ауданында болған. Дереккөздерге сүйенсек, оқушылардың арасында дау осындай ауыр жағдайлармен аяқталған. Макинск қаласының мектеп-гимназиясында оқитын 9-сынып оқушыларының бірі екіншісіне пышақ сұққан. Ер бала жансақтау бөліміне түскен.

Жанжал 15 қыркүйек кешке басталған. Жай ғана түсініспеушілік дауға ұласып, соңында олар қалталарынан пышақ шығарған. Ал сол маңайдағы балалар көрсе де, оларға араласпапты.

Фото: ашықдереккөз