Жанқош Тұраров жоспарланған жекпе-жегіне қатыспайтын болды

0

Спортшы жарақат алған. 28 қыркүйек күні Алматыда өтетін жекпе-жек кешіне қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қатыспайтын болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

AllStarsBoxing өзінің ресми парақшасында Тұраров пен Пинто арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Ол Алматыда өткен бокс кешінде Жапония өкілі Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Сондай-ақ ол WBA Gold белбеуін жеңіп алды.

Айта кетейік, Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылған болатын. Ал арыз беруші Әнару Қалдыбек Azattyq Rýhy тілшісіне болған жағдайды тізбектеп айтып шықты.