Жанқош Тұраров тағы бір қызды қонақ үйге апарған — адвокат
Жанқош Тұраровқа қатысты іс бойынша жәбірленуші Әнару Қалдыбекқызының ресми қорғаушысы Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында спортшыға қатысты жаңа айыптауларды жариялады.
Ахатова өз сөзінде бұл істің шытырманға толы екенін айтып, Тұраровтың басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы жазды.
Ахатова өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында Жанқош Тұраровтың бұдан бұрын да басқа қылмыстарға қатысы бар екендігін мәлімдеді.
«Жанқош Тұраров 2014 жылы тағы бір қызды қонақ үйге апарып, сусына дәрі қосып беріп, арам ойын жүзеге асырған екен. Ол қыздың боксердан бір қызы бар болып шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда болған. Келіншектің өзі бізге хабарласты. Жағдайын айтып, Әнаруға қолдау білдірді. Бұдан бөлек, 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін әзірге анықтай алмадық», — деді ол.
фото: іnstagram.com/zhankoshturarov