Жанқош Тұраров Ричмонд Джарбенгпен 1 маусым күні жекпе-жек өткізеді
Қысқа сілтеме алу
Экс-чемпион Қазақстанда «жаңа» Головкин табылды деген ойымен бөлісті
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO тұжырымдамасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Алекс Артур Жанқош Тұраровтың (22-0, 15 КО) техникасы Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) ұқсайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Шотландиялық боксшы Тұраровтың жаттығуының видеосын көрген.
Тағы оқыңыз: Жанқош Тұраров Головкин мен Елеусінов арасындағы дауға пікір білдірді
«Оның бойында GGG-ге ұқсайтын қасиет көп. Қай тұрғыдан алып қарасақ та, Головкинге ұқсайды деп ойлаймын», — деді Артур.
Еске сала кетсек, Жанқош екі жылдан соң рингке қайта оралуды жоспарлап отыр. Ол шаршы алаңға 2017 жылдың қыркүйек айынан бері шыққан жоқ. Тұраров 1 маусым күні Кардиффте (Уэльс) ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен (29-3-1, 23 КО) жекпе-жек өткізетін болады. Бұдан соң Тұраров 6 шілде күні Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде өнер көрсетпек.
sputniknews.kz