«Жәннаттың иісін де аңсамасын»: Талғат Жорабаевтың әйелі орамалын шешіп тастаған қыздарға қатысты пікір білдірді

0

Белгілі әнші Талғат Жорабаевтың келіншегі, блогер Аяулым Жорабаева хиджабқа қатысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер әңгімесін өзінің қалай орамал таққанынан бастап, хиджаб сөзінің шығу тегіне тоқталды.

“2015 жылы жолдасым жұма намаздан келгеннен кейін, “Жан, орамалыңды таға берші. Бүгін бір ауыр уағыз тыңдадым” деді. Сол сөздері есімде қатты сақталды. Мен орамалға әрқашан дайын болдым. 5-ақ минутта тағып кеттім. Алланың қалауымен, орамал таққаныма 9 жыл болыпты. Толық дайын болып келгенде күйеуім де қолдады. Бірақ үнемі “Болашақта орамал тағамын” деп айта беретін едім. Орану – ойыншық емес. Әрі оны өзге жанға тықпалау дұрыс емес. Мен қанша жыл орамал тағып жүрсем де, дін туралы ештеңе айтқан емеспін.Өйткені пәлен жыл діни білім алған ұстаз емеспін. Орамалды әр әйел өз қалауымен тағуы керек. Ешкімді сынауға құқығымыз жоқ. Хиджабтың аудармасы: “жабыну, орану” деген мағына береді. Оны тек арабтар ғана емес, әлем мұсылман әйелдеріне міндеттелген дүние. Арабтану деген – қате”, – деп түсіндірді блогер.

Сонымен қатар орамал тағып жүріп, шешіп тастайтын қыз-келіншектер туралы да жеке көзқарасын білдірді.

“Бұл тема қайдан шықты?! Оранып, сосын оны шешкен соң қайта әурет жерлерін түк болмағандай көрсете салу. Соларды көріп жүрегің ауырады екен. Олай ешкімді сынамасын, өте қорқынышты. Орамалды көтеріп жүру оңай емес, өйткені жауапкершілігі көп. Орамалдылар да пенде, оларда да эмоция бар, олар да қателеседі. Періште көкте ғана, жерде періште жоқ. Әйел адам намаз оқып жүріп, Қасиетті құрандағы орануға қатысты аятты біліп отырып, оранбаса жәннаттың иісі мұрнына да бармайды» деген сөз жүрегіме инедей қадалды. Намаз оқып бастаған соң, 4 жылдан кейін ғана орамал тақтым, – деп жан сырын ақтарды желі жұлдызы.

Фото: https://www.instagram.com/ayauka_zhorabayeva/

Еске салсақ, Сауд Арабиясы корольдігінің қажылық және умра министрлігі умра, туристік, жұмыс, отбасылық, транзиттік және басқа да виза түрлері қажылыққа құқық бермейтінін мәлімдеген.