Жанкүйерінің әрекеті спортшыны жылатты – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Испаниялық футболшы боливиялық клубта бес жыл өнер көрсеткен. Оның клубтан кетуі команда үшін де, жанкүйерлері үшін де жағымсыз жаңалық болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. «Боливар» (Боливия) клубының жартылай қорғаушысы Хуанми Кальехонаны кішкентай жанкүйері жылатты, деп хабарлайды RT.

Осы аптаның басында испаниялық жартылай қорғаушы ең мықты боливиялық командалардың бірінде соңғы матчын өткізді. «Роял Париге» қарсы ойында Кальехон алғашқы гол соқты.

Ойыннан соң жанкүйері тізерлеп, футболшыдан клубта қалуын өтініп сұрады. Осы кезде спортшы да көз жасына ерік берді. Кальехон балаға өзінің жейдесін сыйлады.

«Отбасы жағдайына байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдым. Әр кезеңнің соңы бар. Бірақ бұл соңғы қоштасу емес, біраз уақыттан соң кездесеміз», — деді футболшы.  

Бұл маусымда Хуанми Кальехон 35 гол соғып, чемпионаттың үздік шабуылшылардың бірі атанды.

 



sputniknews.kz