Жәния Джуринскаяның отбасында қайғылы жағдай орын алды

0
3464

Жәния Джуринскаяның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Актрисаның әжесі өмірден өтті, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Актрисаның әжесі мәңгілік сапарға аттанды Жәния желіде ыстық естеліктерімен бөлісіп, әжесімен қимай қоштасқан.
“Менің Софиям, менің әжем өмірден озды. Атам арамыздан кеткен соң ес жиып үлгермеген едік. Әжемнің жүзінде ешкімге көрсете бермейтін мейірімділік бар еді. Бұл мүлде күтпеген жағдай болды. Ештеңені алдын ала ескертпеді. Ол күйеуіне кетті. Атамның сүйікті диванына жатып, дәл сол уақытта бақилыққа аттанды. Бұл –  махаббат.
Бір күн бұрын әжем анама қоңырау шалып, түсінде асүйде атаммен шай ішкенін айтқан екен.

“Мен барлығын түсінемін. Құдайдың жазғанына шара бар ма? Кейде қос қанатымды — атам мен әжемді ну орманға қалдырып кеткендей сезінемін. Не істеймін, қалай болады, білмеймін…Ең болмаса түсіме кіріңдерші. Дүйсенбіден бастап өмір сүремін. Өмір сүру керек”, – деп жазды актриса.

Жәния Джуринская ақ жаулықты әжесінің суреттерімен бөлісіп, видеоларын жариялады.
Желі қолданушылары мен құрбылары да қайғырып көңіл айтты.
“Иманды болсын. Жаткан жері жайлы болсын!”, – деді Луина.
“Иманды болсын, жаным. Уақыт келеді, бәрі реттеледі, бірақ әзірге іштегі кішкентай сәбиің үшін өмір сүру керек”, – деді Әсел Сәдуақасова.
“Иманды болсын, Жаниюш”, – деді Нәзима.
“Иманды болсын, мықты бол”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.
“Жатқан жері жайлы болсын…. Бекем бол”, – деді Салтанат Бақаева.
“Иманды болсын” – деп жазды Мәдина Сәдуақасова мен Рано Омарова.

(Сурет http://Stan.kz сайтынан алынды)