Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтеді? — новости Казахстана

Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлының бесінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы боксшының Facebook-тағы «Janibek Alimkhanuly team» парақшасында хабарланды деп жазады NUR.KZ.

Фото: ult.kz
Желідегі мәліметке сүйенсек боксшының бұл жолғы жекпе-жегі де АҚШ-та өтпек.
«2 ақпанда Американың Техас штаты, Фриско қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 5 жекпе-жегін өткізеді. Қарсылас осы аптада белгілі болады. Жаттығу қызу жүріп жатыр», — делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар