Home Жаңалықтар Жәнібек Әлімханұлы Роб Брантты 8-раундта техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Жәнібек Әлімханұлы Роб Брантты 8-раундта техникалық нокаутпен жеңді (видео)

0
1634

Орта салмақта жұдырықтасатын жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы америкалық бұрынғы чемпион Роб Брантты 8-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ә дегеннен-ақ Жәнібек тізгінді қолға алған. Жәнібектің «Qazaq Style»-сінен сескенді ме, әйтеуір Роб Брант 8 раунд бойы қашқақтаумен болды.

Алтыншы раундта америкалық бұрынғы чемпион біздің Жәнібектің ауыр соққысынан есеңгіреп, тізерлей кетті. Нокдаун! Ал сегізінші раундта Бранттың бұрышындағы топ өзара қауқылдасып алды да, боксшыларын рингке шығармауды шешті.

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 10 кездесуінің 10-ын жеңді, мұның алтауын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Брант 26 кездесу өткізіп, үшеуінде жеңілген.