Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаудтпен жеңді

0

Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістіріп, 8-раундта қарсыласын нокаудтпен жеңді!

Он раундқа есептелген жекпе жек сегізінші раундта аяқталды. Әуелі қазақ боксшысы үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.