Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі бесінші жеңісіне жетті
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның 25 жастағы кәсіпқой боксшысы америкалық «Хитмэнді» нокдаунға түсірген соң, төрешілер көп ұзамай кездесуді тоқтатты
АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіби рингтегі бесінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
АҚШ-тың Техас штаты Фриско қаласында өткен бокс кешінде 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық боксшы Стивен «Хитмэн» Мартинес (18-4, 13 КО) болды. Сегіз раундтан тұратын кездесудің үшінші раундында Әлімханұлы Мартинесті нокдаунға түсіріп, бесінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Жәнібек кәсіби рингтегі бесінші жеңісіне қол жетізді, ал қарсыласы карьерасында бесінші рет жеңіліп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы ісін Top Rank промоутерлік компаниясы жүргізеді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/