Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын нокаутпен жеңіп алды

0
Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін Дэнни Дигнуммен жұдырықтасып, қарсыласын нокаудпен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы Лас-Вегаста АҚШ-тан британдық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген. Алайда екінші раундта қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді. Бірінші раундтың өзінде Дигнум нокдаунға түскен.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы про-рингте он екінші жеңіске жетіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атанды. Дэнни Дигнум үшін бұл жеңіліс кәсіпқойлар арасында бірінші рет. Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде екенін еске саламыз.