ЖАҢҒЫРТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ | «Айқын» газеті

0
169

Еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын заманауи үлгіде жаңғырту – уақыт талабы. Ескі жүйені жаңалаудың, цифрлы технологияны енгізудің, халыққа қай жағынан болсын тиімді болатын қызмет түрлерін іске қосудың ұтымды тұсы өте көп. Ол үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының заңнамасын жетілдіру қажеттігі туындады. Бұл бағыттағы жұмыс қолға алынды, яғни сең қозғалды. 

Нақты айтар болсам, жақында ғана «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылығы мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Ол басқару органдары, сервистік компаниялар көрсететін қызметтерді және тұтастай алған­да тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы саласын жақсартуға бағытталған. Заң жобасына Үкімет мүшелері келісім берді, қазір Мәжілістің қарауында.
Заң жобасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының барлық субъектісінің қызметін автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй қорының және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көздел­ген. Мысалы, ол анықтамалық ақпа­рат­тарды, тұрғын үй қоры бойынша толық деректерді, сервистік қызметтерді көрсе­те­ді. Қазақстан тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылығы саласының қатысушы­лары арасында тиімді және айқын өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ заң жобасы меншік иеле­рі­нің бірлестігін құру, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге қаражат жинау тетігін регламенттеу, пайдалану шығын­да­ры­­ның ең аз мөлшерін белгілеу, жергілікті атқарушы органдардың жаңа өкілеттіктерін енгізу, лифтілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық реттеу, тұрғын үй-құрылыс кооперативтері­нің қызметін жетілдіру сияқты бірқатар мәселелерді қам­тиды. Бірінші кезекте, бұл жүйе сектор­дың барлық қатысушысы үшін бизнес-процестердің ашықтығын арттырады. Тұрғындарға коммуналдық төлемдерді есептеудің дұрыстығы маңызды. Олар өз уақыты мен қаржысын үнемдеу үшін бұған қызығушылық танытып отыр. Мәселен, есепке алудың «ақылды» аспаптарының болуы есепшоттарды есептеуде қатеге жол бермейді. Үйді басқарудың онлайн жүйесі арқасында тұрғындардың электронды дауыс беру арқылы басқарушы/сервистік компанияны таңдауына мүмкіндіктері бар және одан ары оның қызметін қадағалай алады. Тиісінше, тұрғындар компанияның жұмысын толық бақылайды. Атап айт­қан­да, күнделікті қажеттіліктер мен күр­делі жөндеуге кететін шығынды, шарт­тар­ды жасау мен олардың орындалу процесін, кері байланысты және тағы басқа да тетік­терді жүзеге асырады. Басқару орган­дары тұрғындардың барлық шағымы мен ұсыны­сы­на уақытылы ден қою, элек­трон­дық дауыс беруді жүргізу, есеп­тер­ді орна­лас­ты­ру, тұрғындарды жоспарланған жұмыс­тар туралы хабардар етеді.
E-Shanyraq жүйесінің әлеуетті пайда­ла­ну­шыларынан кері байланыс алу мақ­с­а­тын­да зерттеу жүргізілді. Осы зерттеулер негізін­де біз қазір интерфейсті пысықтап жатыр­мыз және жүйенің атқаратын қызме­тін қосамыз. Мобильдік қосымшалар мін­детті түрде іске қосылады. Жүйені ауқым­ды етіп жасауда Қазақстанның кейбір қала­ларында, мысалы, Алматы мен Қара­ған­дыда кеңінен таралған қолданыс­тағы жүйе­­­лермен интеграциялау жүзеге асыры­лады. Сонымен қатар біз пилоттық режимде E-Shanyraq жүйесін сынақтан өткізу жұмысын бастадық. Бұл жұмыстың бірінші кезеңі көппәтерлі тұрғын үйлерді жарақтандыруды және толық көлемде техникалық қамтамасыз етуді қамтиды. Осыған орай, Инвестициялар және даму министр­лігінде облыстардың және респуб­ли­калық маңызы бар қалалардың әкім­дік­тері­мен пилоттық үйлерді анықтау және есеп құралдарын орнату «Жол карта­ла­рына» қол қойылды. Пилоттық режимде аспап орнату жұмысы аяқталған соң пилоттық үйлер, табиғи монополиялар субъектілері және ПИК-тер E-Shanyraq-қа қосылады. Биыл мұндай жобаны іске асыру жүйенің барлық пайдаланушысына оның мүмкіндігін бағалауға және тиімді­лі­гі­не көз жеткізуге жағдай жасайды.
Келесі мәселе, кеңестік кезеңнен бері қолданылып, ескірген құрылыс нормалары және ережелерінің (ҚНжЕ) орнына еурокодтар жүйесін енгізу.
Бүгінгі таңда Үкіметінің №1509 Қаулы­сы­­мен бекітілген құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау бойынша қабыл­данған тұжырымдамаға және «Бес инс­титуттық реформаны іске асыру бо­йын­­ша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 49-қа­дамына сәйкес министрлік ескірген құры­лыс нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізіп жатыр. Бұл жұмыс кезең-кезеңмен жүзеге асыры­ла­ды.
Бірінші кезеңде (2010-2014) жаңа нормативтік базаның 502 нормативтік-тех­ни­калық құжаты, оның ішінде 58 бөліктен және 57 ұлттық қосымшадан тұратын ҚР ЕN 10 БК қолданыстағы нормативтік-техни­калық құжаттармен қатар жұмыс істей­тін Еурокодтарға ұқсас құжат бекітілді.
Екінші кезеңде (2015-2019) қолда­ныс­тағы нормативтік базадан кадрлар даярлау мен практикада жаңа құрылыс нормаларын сынақтан өткізудегі техникалық реттеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыру көздел­ген.
Бүгінгі таңда бірқатар жұмыс атқарыл­ды. Атап айтар болсам, «2015-2020 жылдар­ға арналған қолданыстағы және жаңа нор­­­мативтік-техникалық базаларды қатар пай­­далану нұсқаулығы» бекітілді, Білім және ғылым министрлігі Еурокодтардың (ҚР ЕN) ережелерін ескере отырып, «Құры­лыс», «Құрылыс материалдарын, бұйым­дары мен конструкцияларын өнді­ру» мамандықтары бойынша жоғары оқу орын­дарының студенттеріне арналған жаңа типтік оқу бағдарламаларын әзірледі және 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бекітті.
Қазіргі уақытта техникалық жоғары оқу орын­дары (ҚазБСҚА, ЕҰУ, ОҚМУ, Қ.Сәт­баев университеті) өз студенттерін Еуро­код­тарға үйретеді, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында құрылыс саласының мамандары, сон­дай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін Еурокодтарды қолдана отырып, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ база­сын­да құрылыс саласының 900 маманы (шамамен 400 ұйым) оқытылды және қайта даярланды.
Сонымен қатар республикада Еуро­код­тарды оқытатын 15 орталық ұйымдас­ты­рыл­ған. Оларда жыл сайын орта есеппен 700 маман оқытылады. ИСО және EN стан­дарттарымен үйлестірілген 900 стан­дарт бекітілді, Еурокодтар бойынша 17 жоба және бес климаттық ауданда 9 қабат­ты көппәтерлі үйдің типтік жобалары әзір­ленді.
Бұдан бөлек, 2016 жылдың 24 қара­ша­сын­да Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңесте 2020 жылға қарай Еуро­код­тар­ға көшу арқылы ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің күшін жоюды жеделдету тапсырылды. Осыған байла­ныс­ты, Еурокодтарға толық көшу жөніндегі жұмыстарды жеделдету мақсатында Инвес­ти­циялар және даму министрінің
2017 жылғы 4 мамырдағы № 264 бұйры­ғы­мен Қазақстан Құрылыс саласының норматив­тік базасын реформалаудың 2017-2021 жыл­дарға арналған тұжырымдамасын іске асы­ру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабыл­данды.
Оның орнына 103 Қазақстан Республи­касы­ның құрылыс нормасы, 157 Қазақстан Республикасының қағидалар жинағы, 4 Қазақстан Республикасының құрылыстағы басшылық құжаттар және 1 әдістемелік құжат қабылданды.
Қазақстан Республикасының қалған құрылыс нормалары мен ережелерін (1992-2010 жылдар кезеңінде әзірленген) (70 бірлік) Еурокодтарға көшіру жөніндегі қажет­ті іс-шаралар іске асырылған соң 2019 жылдың соңына дейін күшін жою жос­­парланды. Ол үшін бірқатар жұмыстар атқа­рылады. Тоқтала кетер болсам, олар­дың қатарында Еурокодтар бойынша әзір­ленген 9 қабатты үйдің үлгілік жоба­лары бойын­ша дайындалған табиғи фрагмент­тер­ге, тораптарға және конструкцияларға тәжірибелік сынақ жүргізу, Еурокодтар әдістемесі және ISO және EN стандарттары бойынша сынақ жүргізу үшін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ зертханасын жаңғырту, құрылыс сала­сы­ның нормативтік базасын жүйелен­ді­ру және коллизияларды жою үшін талдау жүргізу және жүйелендіру, бес климаттық шағын аудан үшін құрама темірбетон құрастырмаларының типтік серияларын әзірлеу, еуропалық стандарттарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарының мемлекеттік стандарттарының күшін жою, құрылыс саласының кадрларын оқытуды жалғастыру жұмыстары бар.
Осылайша, 2020 жылы республиканың құрылыс саласы толығымен жаңа нор­ма­тив­тік базаға (Еурокодтар) көшіріледі.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, Инвестициялар және даму вице-министрі

Дереккөз: Айқын