​Жаңғақ пен какао қосылған печенье

0

 Ингредиенттер: 

– 250гр сары май
– 75 гр жылы сүт
– 1 жұмыртқа
– 1 ш.қ. қопсытқыш
– 1,5 стақан қант пудрасы
– 1 стақан майдаланған жаңғақ
– ұн
– 2 ас қасық какао
 
1.Алдыменен жұмсартылған май мен 2 стақандай ұн, қопсытқыш қосып араластырыңыз.
2. Енді қалған заттарды кезек кезегімен қосыңыз: қант пудрасы + сүт + жұмыртқа + какао.
3.Қамыр әлі де қолыңызға жабысып тұрса аздап крахмал қосыңыз.
4.Ең сонында майдаланған жаңғақтарды қосыңыз (жаңғақтың әр түстісі жарай береді).
5.Қамырды қалаған қалыңдықта созыңыз: ұзынша оқтау формасын алу керек.
6.Енді арнайы “пленкаға” немесе пластикалық пакетке орап, тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа қойыңыз.
7.Печеньелерді 170С ыстық духовкада 20-25 минуттай пісіріңіз.
8.Печеньелер піскенше үстіне жағылатын шоколадты ерітіңіз.
9.Дайын печеньелердің үстіне шоколад жағып (қалаған сурет салып не болмаса бір тамшы шоколад тамып қана), шоколадтың қатаю үшін 5 минутқа тоңызытқышқа қойып қойыңыз.
 
Дереккөз: Reactor

Дереккөз: http://reactor.inform.kz