Отқа оранған Австралия: жаңбырға қуанған өрт сөндірушілердің видеосы тарады

0
70

Австралияда апатпен күрес жалғасуда. Бірнеше ай бойы орман өртеніп, адамдар мен жануарлар мерт болып жатқан бұл елде көптен күткен жауын жауды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар — Sputnik. Австралияда бірнеше айға созылған өрттен кейін жаңбыр жауды. Бұған жергілікті тұрғындар қуанып жатыр.

Желіде австралиялықтардың жауын-шашынға қуанған сәті түсірілген видео тарады. Ол жұртты тебірентті. Видеода өрт сөндірушілер мен жергілікті тұрғындар қуаныштан би билеп, күліп жатыр.

Дегенмен жергілікті өрт сөндірушілер мол жаңбырға үміттеніп отырған жоқ. Ауа райы болжамы бойынша, температура әлі жоғарылайды.

©
AFP 2019 / SAEED KHAN

Жылқы өрттен қашып барады

Жергілікті өрт сөндіру қызметі жауын ең үлкен әрі қауіпті өрт ошақтарын өшірмейтінін ескертті, деп хабарлайды Metro басылымы.

©
AFP 2019 / SAEED KHAN

Кенгурулер де оттан қашып, елді мекендерге жақындаған

Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон оған айтылып жатқан сынға байланысты өрт сөндірушілерге көмек көрсету үшін қаржыландыру көлемін 2 миллиард австралиялық долларға арттыратынын хабарлады.

Австралиядағы өрт құрбандары

2019 жылдың қыркүйегінде басталған орман өртінен 24 адам қаза тауып, екі мыңға жуық үй жанып кетті. Шамамен 500 миллион жануар мерт болды. Тілсіз жау әлі ауыздықталған жоқ.

Жергілікті биліктің мәліметінше, осы уақытқа дейін миллиондаған гектар жер өртенді, мыңдаған үй жойылды. Кейбір дерек бойынша, сегіз мың коала мен жүз мыңдаған басқа жануар жанып кетті.

Австралиялық қалаларды түтін басып, тыныс алу қиындады.

©
REUTERS / EUROPEAN UNION, COPERNICUS SENTINEL DATA

Ғарыштан түсірілген сурет

Апаттың ауқымын ғарыштан түсірілген суреттерден анық көруге болады. Қатты жел салдарынан жоғары жылдамдықпен тарап жатқан жалынға өрт сөндірушілердің шамасы жетпей жатыр.

sputniknews.kz