Жаңбыр және қар: Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

0

Қазгидрометтің синоптиктері 2 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, көп жерде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында кей жерлерде жаңбыр, қар жауады. Республикада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Дабылды ескерту

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дүйсенбіде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Өңірлердегі ауа-райы

Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Павлодар облысында көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда қар жауады деп болжанып отыр, түнде 0-2 градус суық, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Алматыда түнде 1-3 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Шымкентте түнде 2-4, күндіз 19-21 жылы болады.