Жаңбыр мен қар аралас жауады. Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

0

«Қазгидромет» РМК 18-20 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірлерін қамтиды.

«Соның салдарынан бұлт көшіп, жаңбыр мен қар аралас жауады, қатты жел тұрып, көктайғақ болуы ықтимал, кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі», – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклонға байланысты жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.