Жанболат пен Жазира «түріктен ән ұрлады» дегендерге жауап қайтарды (видео) — новости Казахстана

0

Күні кеше Оғыз Доған Facebook парақшасында Жанболат пен Жазираның орындауындағы «Сенен басқа» әнінің түріктің танымал туындысы екенін мәлім еткен болатын. Осыдан кейін жұлдызды жұп даулы әнге қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды SN.KZ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жанболат пен Жазира. Фото:vipsound.kz

Жанболат пен Жазира. Фото:vipsound.kz

Оғыз Доған отандық әншілердің орындап жүрген әнінің 1970 жылдары хит болған «Сенден башка» туындысы екенін мәлім етті.

Белсенді блогер аталмыш туындының астына жазылған «Әні: Б.Шалабаев, сөзі: Ә.Бекарысұлы» деген жазуды көріп ашуланған.

«Қайдағы Шалабаев? Өлеңнің әні — Манос Хадзидакистікі», — деп жазды Доған Facebook парақшасында.

Осы ақпараттан соң Жазира мен Жанболаттың жекесіне жазылған хаттардың біріне: «Аранжировкасын жазған Бақыт Шалабаев дегенбіз. Әннің авторын білмей жүр едік. Рахмет», — деп жауап қайтарған.

Айта кетейік, күні кеше Оғыз Доған бұл әннің 1970 жылдары Эмел Сайын мен Фүсун Өналдің орындауында халыққа танылғанын мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Жанболат пен Жазираның әндерін бізідң MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар