Жанболат пен Жазира 500 мың теңгеге коньяк жарнамалап қоя жаздаған — новости Казахстана

0

Жанболат пен Жазира әншілігімен қоса екі миллионнан аса адам тіркелген Instagram парақшасы арқылы ақша тауып отырғандарын жасырмады. Оған қоса, халыққа пайдасы бар дүниені ғана жарнамалауға келісетін жұлдыздар көмекшісінің кесірінен ыңғайсыз жағдайға тап болған деп хабарлайды «Таңғы хабар» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жанболат пен Жазира көмекшісінің салғырттығы салдарынан ішімдікті жарнамалап қоя жаздаған.

«Жарнама жасау да өз алдына үлкен жауапкершілік. Сол себепті, біз барынша халыққа тек пайдалы нәрселерді жарнамалауға тырысамыз.

Онысымен қоса, алдымен оның шын-өтірігінен көз жеткізіп аламыз. Жасаған жарнамамыздан халықтың жапа шекпеуі басты шарт.

Бір күні мынадай қызық жағдай болды. Жарнама жөнінде хабарласып, 500 мың теңге ұсынған. Көмекшіміз анық-қанығына көз жеткізбей, келісе салыпты.

Нәтижесінде олардың ұсынып отырған тауары коньяк болып шықты. Бізге «кішкене ұрттауларыңыз керек болады» деп қояды.

Ойбай деп бірден бас тартқанымыз бар. Осы оқиғадан кейін әрбір ұсынысты толыққанды тексеріп барып келісеміз» , — деді Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар