Home Жаңалықтар Жанболат Мамай: Еуропа Одағы Өкілдігіне 11 сағат қоршау мен заңсыздықтар туралы айттым

Жанболат Мамай: Еуропа Одағы Өкілдігіне 11 сағат қоршау мен заңсыздықтар туралы айттым

0
4116

Бүгін Астанаға барып, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің, Еуропа Одағы Өкілдігінің дипломаттарымен кездестік.

28 ақпан күні бейбіт шеруде орын алған кеттлинг, яғни полицияның бізді 11 сағат қоршауы, басқа да заңсыздықтар туралы айттық. Демократиялық партияны тіркеу ісінде болған кедергілер жайында да сөз болды.

ЕуроПарламент қабылдаған қарарды қолдайтынымызды, биліктегі адам құқығын аяққа таптап жатқан шенділерді санкция тізіміне енгізу керектігін жеткіздік. Жаңаөзенде болып жатқан заңсыздықтар жайында Мұратбай Жұмағалиев айтып берді.

АҚШ пен ЕуроОдақ дипломаттарымен сәтті кездесу болды.

Жанболат Мамай, Facebook парақшасынан