Жанболат Ағаділ өлімі: Полиция түсініктеме берді

0

10 қарашада сағат 22.56-да 102 арнасына Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінің бойында жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері келгенде бір топ жастардың арасында туындаған жанжал төбелеске ұласып, 2 адам дене жарақатын алған.

Оның біреуі 17 жастағы Жанболат Ағаділ пышақ жарақатынан зардап шегіп, салдарынан жедел медициналық жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі және 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда жанжалға қатысқандардың барлығын анықтау бойынша және ұсталғандармен тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша әр күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасуда.