Жанармай бекетінде бензинді аз құяды – жүргізуші не істеуі керек?

0
91

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Маман жанармай бекетінде бензинді аз құйғанын қалай білуге болатынын айтты. Ол бекет қызметкерлері 1-2 литрге дейін үнемдеп қалуы мүмкін екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар — Sputnik. Жүргізуші бензиннің ақысын төлеп жатқан кезде жанармай бекетінің қызметкерлері екі литрге дейін бензин үнемдеп қалуы мүмкін.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тексерілген бекеттерді таңдау керек. Алайда бұл кезде де алдамайды деп анық айтуға болмайды. Колонкалардағы бензинді есептейтін құрылғылар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Мұндай кезде құрылғы сіз төлеген литрді көрсетсе де, шын мәнінде 1-2 литр аз құюы мүмкін», – деді РИА Новостиге көп профильді холдинг директоры Дмитрий Гелемурзин.

Кейде бензин құятын адам жүргізуші көрмей тұрғанда шлангадағы бензинді әдейі ұстап қалуы мүмкін.

«Сондықтан процесті қадағалап тұру каерек. Қызметкерлердің әрекетіне мұқият қараңыз», — деді ол.

Сарапшы көліктің техникалық сипаттамасы мен бак көлемін нақты білуге кеңес берді.

«Еуропалық көліктерге бірқалыпты құйса, өзгелерге қарағанда көбірек бензин сияды. Жапониялық көліктерде бұл көрсеткіш – он процент шамасында. Ресейлік маркаларда 15%», – деді Дмитрий Гелемурзин.

Тағы оқыңыз: 2020 жылы паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қанша тұратыны белгілі болды

Ол көлік өндірушілер жанармайдың «қосымша қорын» қарастыратын алға тартты. Бұл қор шам жанған кезде жақын маңдағы жанармай бекетіне дейін жетуге мүмкін береді. Сондықтан маман ұзақ жолға шыққанда ғана толық бак бензин құюға кеңес береді. Ал қалада көліктің желдету жүйесінің функциясына кедергі жасамаған жөн. Бұл функция қызған кезде жанармайдың кеңеюі үшін керек.



sputniknews.kz