Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды

0

Жаңаөзен қаласының әкімі болып Айбек Қосуақовтың орнына Жансейіт Қайнарбаев тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Басшысы жиі ауысатын қалада кейігі жылдары әкім болып отырғандардың қызмет мерзімі ары кетсе екі жыл ғана болған.

Қайнарбаев Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Тау-кен инженері» және «Экономика» мамандықтары бойынша оқыған, екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда бастаған. 2012 жылға дейін осы салада шебер, бас механиктің орынбасары болған. Әртүрлі ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.