Жаңаөзенде жарылыс болып, 1 адам қаза тапты

0

Бүгін Астана уақытымен сағат 5:00-дер шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған.

Алдын ала мәлімет бойынша 13 адам зардап шеккен.

Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған.

Өрт болған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Болған оқиғаның себеп — салдары анықталуда.