Жаңаөзенде тұрғын үй жарылды — новости Казахстана

0

Жаңаөзен қаласында Рахат-2 шағынауданындағы тұрғын үйде жарылыс болды деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: MIGnews.com

Көрнекі фото: MIGnews.com

Жеке үйдегі жарылыс туралы хабар 16 қараша күні 16:15-те түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына 16:30-да жетіпті. Онда табиғи газдың шығуынан газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан аумағы 204 шаршы метр үй қираған.

Өрт сөндірушілер қызыл жалын шарпыған үйден екі адамды құтқарған. Жалпы үш тұрғын түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Тілсіз жау орын алған жерге Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 20 құтқарушы маман мен үш арнайы техника жіберілген.