Жаңаөзенде Toyota Camry көлігінен мәйіт табылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Белгісіз ер адамның мәйіті 4 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында табылды. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Жаңаөзенде көліктен адам мәйіті табылды. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.

Белгісіз ер адамның мәйіті 4 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында табылды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметіне сәйкес, Мұнайлы ауданының 44 жастағы тұрғынының мәйітін «Жаңаөзен» ойын-сауық орталығының күзетшілері Toyota Camry көлігінен тапқан.

Олардың айтуынша, көлік ғимарат маңында бірнеше күн бойы тұрыпты.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауға барған америкалық туристердің «төбе шашы тік тұрды» – видео

Бұл оқиға Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тізіміне енгізілді. Қылмыстық кодекстің «адам өлімі» бабына сәйкес қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.

«Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.



sputniknews.kz