Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті

0
61

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Батутты орнатып жатқан кезде, қатты жел тұрып, ұшырып әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында қатты жел батутты ұшырып әкетті.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей атап өткендей, оқиға бүгін таңертең болған, ешкім зардап шекпеді.

«Батут қатты желден ұшып кеткен. Батутты орнатып жатқан кезде жел ұшырып әкетіпті. Ол кезде батутта балалар жоқ болатын», – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Әлеуметтік желідегі видеода үлкен батут желге ұшып барады. Мемлекеттік органдар батут иелеріне қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Кішкентай қыз батуттың ішіне түсіп кетіп, өлім аузынан қалды

«Қазгидромет» мамандары бірнеше облыста қатты жел тұрып, жаңбыр жауатынын ескерткен болатын.



sputniknews.kz