Жаңаөзенде аштық жариялаған тұрғындарға жұмыс орындары ұсынылды: жалақсы қандай?

0

Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға бос жұмыс орындары ұсынылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, аштық жариялаған Жаңаөзен тұрғындарына «Жұмыс жасаймын» өңірлік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасу нұсқасы ұсынылды. Тұрғындар жұмыс жасай жүріп, мұнай саласына жұмысқа орналасу кезегін күте алады.

Қазіргі уақытта Жаңаөзендегі 13 компания 200-ден аса түрлі бағытта бос жұмыс орындарын ұсынды. Мысалы, сәулетші, өндіріс инженері, call-орталық операторы, кассир-бухгалтер, асхана қызметкері, автослесарь, менеджер, электрик, сату менеджері, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тазалық қызметкері, әкімші және тағы басқа.

Ұсынылған бос жұмыс орындарының ең жоғарғы жалақысы (лауазымына, біліктілігінің болуына байланысты) — 280 мың теңге, ең төменгі жалақы — 140 мың теңге.

«Көптеген бос жұмыс орны үшін жоғары білім қажет емес. Жаңаөзен әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға қолда бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу алгоритмі шеңберінде өз кезегін күтуді ұсынды, алайда жұмыссыздар жалпы кезекті айналып өтіп «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмысқа орналасуды талап етті. Бұл талап өз кезегін күтіп отырған қаланың басқа да тұрғындарына әділетсіз болып табылады, олардың көпшілігі қазіргі уақытта басқа салаларда жұмыс істейді», — деп хабарлады әкімдік.