Жаңаөзенде 14 жасар қыз туған әкесінен жүкті болып қалған

0

Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған бала әкесінен жүкті болып қалған, деп хабарлайды  Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

24 Ақпанда 14 жасар қыз анасымен бірге Ақтау қаласының Облыстық перинаталдық орталығына әлеуметтік көрсеткіштер бойынша бірінші жүктілікті тоқтату үшін дәрігерге жүгінді.

Жүктілік мерзімі 13-14 апта болған.

Осыдан кейін перзентхана мамандары бұл туралы қалалық полицияның жедел басқару орталығына хабарлады. Тәртіп сақшылары күдіктінің кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынас жасағаны үшін жеке басын анықтап, оны ұстады.

Күдіктінің жәбірленушінің туған әкесі екені анықталды. Бұл факт ҚР ҚК «Зорлау» бабы бойынша Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп — тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген, — делінген полиция хабарламасында.

Фото: elana.kz